«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙМАҚТЫЛАР БАЙҚАУЫ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры бірлесіп алғаш рет «ALTYN OIMAQ» республикалық байқауын ұйымдастырып отыр. Байқауды өткізудегі мақсат — ұлттық нақышта киім-кешек, бұйымдар тігетін жаңа идеясы бар дизайнерлер табу, ал киім күнделікті киетін болуға тиіс. 

Байқау алты номинация бойынша өтеді. Қатысушы бірден екі номинацияға өз жұмысын ұсына алады. Әр номинация бойынша жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың берері көп. Олар көпшілікке өздерін танытып қана қоймай, кейін түрлі  семинарларға тегін жолдама алып, білімдерін жетілдіре алады.

Жоба аясында тамыз айында жеңіл өнеркәсіпке арналған форум өтеді. Байқауға қатысушылар 2 күн бойы семинарларға, курстарға және шеберлі сағаттарына қатыса алады.  

   www.inform.kz 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp