«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙЫННАН ОТ ШЫҚПАСЫН ДЕП…

Евгений ДОБШИНСКИЙ,
Жамбыл аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы.

Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылындағы И.Шухов атындағы мектеп-гимназияда өрт қауіпсіздігі тақырыбында кеш болып, оған қатысқан бесінші сынып оқушылары тұрмыстағы бала ойынынан шығатын өрттердің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шаралар тақырыбында әңгіме өрбітті.
Мұғалімдер мен мектеп оқушыларын өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарымен таныстыруды мақсат еткен іс-шара барысында аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкері білім ордасының оқушыларына өрттің сипаттамасы, оның пайда болу себептері, өртпен күресу шаралары және өрт болған жағдайда жасалуы тиіс әрекеттер жайын баяндай келе, биыл ауданда орын алған өрттерге шолу жасады. Осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін балалардың отпен ойнауына жол бермеу мақсатында оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтау қажеттігі баса айтылды.
Шара барысында мектеп оқушылары елді мекен ішінде пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігін тудырып, тұрғындардың тыныштығын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын, ал арнайы қызмет бөлімдеріне өрт жайында жалған қоңырау шалып, жұртты әбігерге түсіргендер заң алдында қатаң жауапқа тартылатындығынан хабардар болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp