
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Ойын тақырыбы – мемлекеттік қызмет.
Ойынға “Әкімдік” және «Мемлекеттік корпорацияның эрудиттері» деп аталған командалар қатысты. Екі команда өздерінің қызықты ұрандарын ойлап тапты. Командалардың әрқайсысы ойын барысында қыршаңқы 12 сұраққа
және «Блиц», «Суперблиц» тақырыбындағы қиын деңгейдегі сұрақтарға жауап беруге тиіс еді. Ойында құпиялы «Қара жәшік» те болды.
Көрермендердің пікірінше, ойын сұрақтары шынымен де қызықты болды. «Жеңімпаз команда» және «Үздік ойыншы» атағы үшін күрескен командалар сұрақтарға жауап берумен қатар ребустар да шешті.
Зияткерлік ойынның нәтижесінде “Әкімдік” командасы жеңімпаз атанып, хрустальдан жасалған үкіге ие болды. “Әкімдік” командасының капитаны Юлия Мигачева үздік ойыншы атанды.
Жеңімпаз командаға үкіні табыс еткен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Зияткерлік ойын барысында облыстық халық шығармашылығы орталығының әртістері Дәнияр Құсанов пен Татьяна Зацаринина өнер көрсетіп, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.