Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Андрей Дигант өз еркімен қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Оның қызметтен босату туралы өтініш жазуына жұмыс күні Қапшағайдағы казинолардың бірінде отырғаны жайлы түсірілген бейнежазба себеп болған. Облыстық соттың ішкі қауіпсіздік қызметі ойынқұмар судьяға қатысты тексеру жүргізіп, факт расталды. Төрағаның бұл әрекеті судьяның Әдеп кодексіне кереғар деген шешім шығарылды.
А. Дигант мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы болып бір жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін Ақмола облыстық сотында қызмет еткен.
Бақыт РАМАЗАН.