«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ресейдің Екатеринбург қаласында грек-рим күресінен халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Бәсі биік додада балуандарымыз сегіз медальға ие болды.

Атап айтқанда, Алпамыс Достанбек пен Ақжол Тұяқов сайыс жеңімпаздары атанды. Дәулет Ізтілеуов күміс медальды иеленгендердің қатарынан табыла білді. Ал Тобыл Қырғымбаев, Дархан Дәулетов, Исмайыл Исмайылов, Станислав Рыльский және Саят Әлжанов қола медальды олжалады.

Сондай-ақ, жерлес балуандар Ақтау қаласында өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды. Атап айтқанда, Әділет Мұстафин (98 кг.) екінші орынға көтерілсе, Мират Қуандық (59 кг.) үшінші болды. Сайыс барысында Әділет Мұстафин спорт шебері нормативін орындады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp