«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ресейдің Архангельск қаласына бір мезгілде өткен әлем, Еуропа және Азия біріншіліктеріне қатысқан солтүстікқазақстандық әуесқой гір көтерушілер олжалы оралды.

Бұған дейін жарыстарда жалғыз өзі республика және облыс намысын қорғап жүрген М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің аға оқытушысы, еңбек сіңірген спорт шебері Виктор Сайко бұл жолы жарысқа өзімен бірге жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы Виктория Рогачеваны және қалалық классикалық гимназияның дене шынықтыру пәнінің ұстазы Ерік Нұрпейісовті ертіп барған.  

– Жылдағы дәстүр бойынша жарысқа қатысқандардың жасы 10 мен 70 аралығында болды. Дегенмен, әрқайсымыз мықты бәсекелестердің болғанына қарамай, елге жүлдемен оралу үшін аянбай тер төктік. Нәтижесінде үздік екенімізді дәлелдеп, 26 алтын және 6 күміс медальға қол жеткіздік. Гір спортымен 25 жылдай айналысып келе жатқан 63 жастағы Ерік Нұрпейісов әртүрлі дәрежедегі 16 медальға ие болды. 18-20 жастағылар тобында сынға түскен Виктория Рогачева әлем жеңімпазы атанды, – деді Виктор Михайлович.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp