Павлодарда қыздар арасында волейболдан қысқы біріншілік аяқталды. Спорттық шараға 9 құрама команда қатысты.
Аталмыш сайыста 13-14 жас тобында сынға түскен жерлестеріміз 12 құрама команданың ішінде үшінші орынға табан тіреді. Ал бірінші мен екінші орындарды Қостанай мен Қарағанды облыстарының құрамалары еншілеген.
Сондай-ақ, 17-18 жас тобында жарысқа түскен қызылжарлық нәзік жандар тек алаң иелеріне жол беріп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды қостанайлықтар түйіндеді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.