Солтүстікқазақстандық Артем Захаров Жапонияның Ошима қаласында велосипед спортынан өткен 36-шы Азия біріншілігінде күміс медальға ие болды. Жарыс бағдарламасына сәйкес тректік көпсайыста, омниумда жеңіске жеткен жерлесіміз 2016 жылы Риода өтетін Олимпиаданың жолдамасын ұтып алды. Артем жапондық Хашимото Эляға жол берсе, қытайлық Лю Хаодан басым түсті.
Артем Захаров бұған дейін Гонконгта өткен әлем біріншілігінде “Скретч” жарысында әлемнің үздік велошабандоздары саналатын Марк Кевендиш (Ұлыбритания), Лэйс Хансон (Дания) мен Томас Будэні (Франция) екі кезеңде басып озған болатын.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.