«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМПИАДА ОНЛАЙН ӨТТІ

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша оқушылар олимпиадасы 4 кезеңде өткізілді. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық оқушы қатысып, аудандық кезеңге 100 мыңға тарта, ал облыстық кезеңге 12 мыңнан астам өрен жолдама алды.

Ал ақтық сынға Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Пандемияға байланысты сақтық шаралары барынша ескеріліп, санитарлық нормалар қатаң сақталды. Олимпиадада “бір қатысушы – бір компьютер– бір камера” қағидасы бойынша прокторинг жүйесі қолданылды. Тапсырмалар “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет ресурсы арқылы ұсынылып, әрбір қатысушыға алдын ала жеке код берілді. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрландырылып, қазылар алқасына тексеруге жіберілді. Дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бар хаттамалар “Дарын” орталығының сайтында жарияланды. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатымен барлық өңірлерге жауапты мамандар жіберілді. Олимпиаданың жабылу салтанаты онлайн режімде өтті.

Облыс намысын қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 40 оқушы, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 33 оқушы қорғап, 5 бірінші, 4 екінші, 7 үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің арасында “БЭСТ” гимназиясы, №1 мектеп, №1 гимназия жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Болатхан ЖҮСІПОВ,

әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp