Солтүстікқазақстандық омарташылар үшін алғаш рет арнайы курс ұйымдастырылып, 20 тыңдаушыға сертификаттар тапсырылды.
Бұл оларға мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға жол ашады. Бүгінгі күні облыста бір жарым мыңға жуық бал арасын өсірушілер тіркелген. Омарташылардың республикалық қауымдастығы бал өндіру мәселелері бойынша шетелде тегін білім алғысы келетіндерге де жағдай жасамақшы. Мәселен, Словакия, Израиль, Ресей омарташылары қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісуге келісім берген көрінеді.