Елімізде цифрландыру саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, көптеген қызметті электронды үкімет арқылы онлайн ала беруге болады. Енді білім саласы да цифрлық технология мүмкіндігін пайдаға асырып, оқулықтарды онлайн форматқа көшіріп жатыр.
Қазіргі кезде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-əдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтарды əзірлеуге 11 баспа тартылған. Пəндерді оқытудың инновациялық тəсілдерін енгізу мақсатында педагогтардың оны пайдалануы үшін əдістемелік ұсынымдар əзірленіп, оқытылған.
– Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пəндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған, – деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Оқу-ағарту министрлігінің мəліметінше, электронды оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары да жиі қолданылады. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллиондай оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.
Әсет ҚАНАФИН.