«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН ОҚУ

Азаматтарға кәсіпкерлік негіздерін қысқа уақытта үйретуге арналған “Бизнес-кеңесші” жобасы онлайн режімде қолжетімді.
Бұған дейін солтүстікқазақстандықтар Петропавл қаласындағы облыстық кәсіпкерлер палатасына келіп, оқу курстарынан өтуге мәжбүр болатын. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 97 жерлесіміз екі күндік курстан өтті.

Енді енгізілген жаңашылдықтың нәтижесінде шаһарға ат арытып келудің қажеті жоқ. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен өз кәсібін ашуға ниетті жандар “services.atameken.kz” порталына тіркеліп, сауалнаманы толтырулары қажет. Үміткерлер курстан өту туралы өтінішті де облыстық кәсіпкерлер палатасына келмей-ақ, сайттың көмегімен қашықтан жолдау мүмкіндігіне ие.
Тестілеу нәтижесінде сұрақтардың 70 пайыздан астамына дұрыс жауап бергендерге курстан сәтті өткені жайлы сертификат тапсырылады. Болашақ кәсіпкерлер бұл құжаттың көмегімен мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдауға ие бола алады.
Жалпы, өткен аптада “Бизнес-кеңесші” жобасы аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 16 түлегі сертификат алды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА, облыстық кәсіпкерлер палатасының  баспасөз хатшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp