«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн қызмет

Енді қазақстандықтардың “eGov Mobile” қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді алуға және жіберуге мүмкіндігі бар. Бұл “Цифрлық мәліметтер” сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.

Қосымшаның жаңартылған нұс­қа­сында екі жаңа цифрлық мәлі­мет қолжетімді:

1. Әскери қызметке шақыру ту­ралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мер­зімі туралы толық деректер;

2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әс­кери міндеттілік мәртебесі тура­лы өзекті ақпарат.

Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мо­бильді азаматтар базасына тіркел­ген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қа­тар деректерді жұмыс берушінің ті­келей сұрау салуы бойынша да жіберуге болады. Пайдаланушы сұ­рау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді “eGov Mobile” қосымшасына тікелей сіл­те­ме арқылы мессенджерлер не­ме­се пошта арқылы жіберуге бола­тынын атап өтеміз.

Сервисті пайдалану үшін:

– “eGov Mobile” қосымшасында авторизацияланып, “Мәліметтер” бөліміне өту;

– “Тарих” бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;

– мәліметтерді беруге рұқсат бе­ру немесе сұрау салуды қабыл­да­мау;

– қажет болған жағдайда, бұ­рын берілген мәліметтерді “Қайта­рып алу” батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тари­хын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, олар­ды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Жайнагүл СЕЙДАХМЕТОВА,

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp