Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.
Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен бокс кешінде жерлесімізге Кевин Родригис Гарсия қарсылас атанған. Солтүстікқазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ мексикалықты құлатты. Осылайша отандық былғары қолғап шебері кәсіпқой мансабындағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.