«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасап, өңірдің 10 айдағы даму нәтижелерін қорытынды­лады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 13 пайызды құ­рап, ақ қайыңдар өлкесі ел бойын­ша бесінші орынға тұрақтаған. Аталған кезең ішінде ауыл шаруашылығында 9,3, өнеркәсіпте 19,1, құрылыста 30,1, тұрғын үйді пайда­лануға беруде 3,9, инвестиция тар­ту ісінде 7,3 пайыздық өсім қамта­масыз етілді.

Ғауез Нұрмұхамбетов өз баян­дамасын экономиканың басты са­ласы саналатын агроөнеркәсіптік кешеннен бастады. Биыл аталған саладағы жалпы өнім көлемі 878,3 млрд. теңгеге жеткен. Елдегі ас­тықтың төрттен бір бөлігі, майлы дақылдардың 23 пайызы, сүттің он­нан бір бөлігі теріскейде өндіріледі. Майлы дақыл алқаптарының кө­лемі 1 млн. гектарға жетіп, 1,2 млн. тонна өнім жиналды. Суармалы алқаптардың көлемі 2,1 мың гектарға артқан.

Өңірде 68,5 мың тонна ет, 334,9 мың тонна сүт, 530 млн. жұмыртқа өндірілген. Бүгінде облыста 110 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 8 кешеннің құры­лысы аяқталады деп жоспарлануда. Жаңа жобалар сәтті жүзеге асса, ел­дегі сүттің бестен бірі солтүстікте өндірілетін болады.

«Солтүстік Қазақстан облысын­да жыл сайын 120 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы «МаслоДел» май экстракциялық зауыты жұмыс істеуде. «Eurasian Milk» серік­тестігінде қоюландырылған сүт це­хының құрылысы аяқталды. «Се­вер Агро LTD» серіктестігі биенің құрғақ сүтін өндіретін зауытты іске қосты. «Asyl Farms» серіктестігіндегі қызылша егетін тәжірибелік алқаптар мол өнім берді. Келешек­те 1 млн. тонна қызылша өңдейтін қант зауытын салу жоспарланған. Қызылжар ауданының «Salar Farm» серіктестігінде түйіршік жоңышқа өңдеу зауытын салу жобасы іске асырылуда», – деді облыс әкімі.

Соңғы екі жылда өңірдегі өндіріс көлемі бір жарым есеге артқан. Кәсіпорындар тапсырысының артуы, жаң­ғырту жұмыстары оң нәтиже бере бас­тады. Мысалы, «ЗИКСТО» серік­тестігі жолаушылар вагонын шығара­тын жаңа зауыт салды. Жобаға 24,3 млрд. теңге қаржы құйылған. Облыста жалпы құны 894 млрд. теңге болатын, 51 жобаны қамтыған инвестпул бар. Бұл жобалардың нәтижесінде 7,8 мың жұмыс орны құрылмақ. Соңғы екі жылда 300 млрд. теңгенің 19 меморан­думына қол қойылған. «Qyzyljar» ар­найы экономикалық аймағына 22 қа­тысушы тіркелген. Бүгінде мұнда 5 кәсіпорын ашылып, онда 700-дей адам жұмыс істеп жатыр. Тағы 17 жоба алдағы жылдары аяқталуы тиіс. Өңірге республика кәсіпкерлерінен бөлек Түркия, Италия, Қытай, Катар, Гер­мания, Ресей мемлекеттерінің инвесторлары қаржы құйған. Үкімет шешімімен биыл аудандарда екі суб­зона құрылды. Ірі инвесторлардың қатарында катарлық «Ультрадекор» компаниясы да бар. Инвестор өңірде ағаш тақта өндірісін (90 млрд. теңге) өркендетуге үлес қосуда. Ресейлік ин­весторлар «Бейкертон» кондитерлік өнімдер өндірісіне 37 млрд. теңге жұмсамақ. «QILU Agro» Қытай компания­сы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жоспарлап отыр. «Уралкран­ның» крандар мен жүк көтеретін қон­дырғылар құрастыратын зауыты жергілікті нарық қажеттілігін толық өтейтін болады.

Ғауез Торсанұлы брифингте өңір делегациясының өткен аптада Қытай­ға жасаған сапары туралы да баянда­ды. Сапар нәтижесінде 7 стратегиялық меморандум бекітілген. Келісім ая­сында жаңа өндіріс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы, жаңа техно­логия, ғылым салаларында жобалар қолға алынады.

Облыс экономикасын ілгерілету ісіне жергілікті инвесторлар да үлес қосып келеді. Кәсіпкер Дмитрий Ша­рапаевтың саңырауқұлақ фермасы мен компост зауыты алдағы күндері өз жұ­мысын бастамақ. Мұнда жылына 1,2 мың тонна саңырауқұлақ пен 5,2 мың тонна компост өндіруге мүмкіндік бар.

«Техноэкопарк» жобасы экология­ға оң әсер етпек. Жоба аясында қоқыс сұрыптау кешені, қағаз бұйымдар фабрикасы, картон комбинаты мен металпластик зауыты салынады. Қо­қыс сұрыптау кешені осы бағытта жұ­мыс істейтін компаниялармен серіктестік орнатып, нәтижесінде қалдық азайып, қайталама гранулалар өндірісі жолға қойылады.

Облыс әкімінің сөзінше, өңірде тұрғын үй қоры жаңарып, елді мекен­дердің келбеті жаңа кейіпке енуде. Жоспарланған 332 мың шаршы метр баспананың 194 мыңы пайдалануға берілген. Биыл өңірде мың пәтерлі 15 үй салынған. Құрылыс саласында коммерциялық сектордың үлесі артуда.

«Біз өңірдің алдағы 5 жылға арнал­ған цифрлық стратегиясын жасадық. Стратегия сандық инфрақұрылымды дамыту, экономиканы трасформация­лау, халықтың цифрлық құзіреттілігін арттыру сияқты міндеттерді қамтиды. «Qyzyljar Creative Center»-де жаңа коллаборациялар бастау алды. Елді мекендерді цифрландыруға да баса назар аударылуда. Жуырда Шал ақын, Есіл аудандарында IT орталықтар ашылды. Алдағы уақытта мұндай ор­талықтар басқа аудандарда да ашыла­ды», – деді Ғауез Торсанұлы.

Биыл Тайынша қаласында ұзын­дығы 4,5 шақырымдық жылу желілері жаңғыртылған. 3 қосалқы станса жөн­делген. 2029 жылға дейін облыста ұзындығы 7 мың шақырым болатын инженерлік желілерді жаңғырту жос­парланып отыр.

Өңір басшысы биыл облысты су­мен жабдықтауға 74 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Оның 44,9 миллиарды қайтарылған активтер есебінен беріл­ген. Бүгінде тиісті жобалардың соңғы сатысы аяқталуға жақын.

Облыстағы автомобиль жолдары­ның ұзындығы – 8,4 мың шақырым. Еліміздегі жолдардың ұзындығы бо­йынша өңіріміз 2-ші орында. Биыл 1,1 мың шақырым жол жөнделді. Оның 467 шақырымы – республикалық, 54 километрі жергілікті және 100 шақы­рымы ауылішілік жолдар. Он жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген «Петропавл-Жезқазған» және «Мам­лютка-Қостанай» учаскелері қалыпқа келтірілген. Сонымен қатар 2029 жыл­ға дейін облыс орталығындағы барлық көшелерге толығымен асфальт төсеу жоспарланған. Бұл ретте шекара ма­ңындағы аудандарға ерекше назар аударылып отыр.

Ғауез Нұрмұхамбетов 2024 жылы өңірімізде орын алған су тасқынының салдарын жою мәселесіне де назар ау­дарды. Биыл облыс орталығы мен қала маңында орналасқан аудандардағы бө­геттердің беріктігі тексерілген. Бөгет­тердің биіктігі Балтық жүйесі бойынша тиісті деңгейге жеткізіліпті. Бұл 2024 жылғы су тасқыны деңгейінен 1,5 метрге жоғары. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жергілікті бюд­жет есебінен Есіл өзені жайылмасында­ғы тұрғын үйлерді қарғын судан қорғау үшін 2 бөгет салынды.

«Петропавл су торабынан 32 ша­қырым төмен учаскеде Есіл арнасын тазарту және түбін тереңдету бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірле­нуде. Бұл болашақта өзеннің өткізу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік бе­реді. Жайылмада орналасқан Зареч­ный кенті су басу қаупі жоғары шағынаудан саналады. Сондықтан тұр­ғындарды қала орталығына көшіру туралы шешім қабылданды. Алғашқы тоқсан пәтерлі бес қабатты үйдің құ­рылысы аяқталуға жақын. Жыл соңы­на дейін тұрғындардың алғашқы легі жаңа үйлерге қоныстанады», – деді облыс әкімі.

Брифинг соңында бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері өңір бас­шысына түрлі тақырыптағы сауалда­рын жолдап, жауап алды.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp