«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОПЕРАТОР ОРАЛ

“Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі” дейді халық даналығы. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін!” деп жырлап өткендей, ел болашағы – бүгінгі жастардың қолында.

Жастар жаңа заманмен тыныстап, ел игілігіне орай тың әрі озық идеяларды дүниеге әкелуде. Қай салада болсын, жастар қамтыған кәсіп көп. Бүгінде жұмысшы мамандықтарды меңгеруде де жастардың қосар үлесі жоғары. Облыс орталығындағы “Казмясопродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оператор болып жұмыс істейтін Орал Жадрап – жас маманның бірі. Ол өз ісінің нағыз шебері болуға ұмтылуда.

“Жас келсе – іске!” демекші, жаңа технологияларды шебер меңгерген Оралдың болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Жұмыс істеген кезінде өзінің алғырлығымен, жауаптылығымен, ерекше белсенділігімен көзге түскен маманның еңбегін серіктестік басшылығы да жоғары бағалайды. Орал Жадрап жұмысшы – мәртебелі мамандық екенін айтады әрі өзінің кәсібін мақтан тұтады.

Тартылған етті араластыратын заманауи құрылғының тілін меңгерген Орал жаңаны тез қағып алуда алдына жан салмайды. Ұжым мүшелерінің айтуынша, ол өте тәртіпті, тәрбиелі жігіт. Кішіпейілділігі мен кісілігіне дән риза болатын әріптестері оның азаматтық ұстанымын да жоғары бағалайды. Әрбір іске құлшына кірісетін жігіттің алғырлығы өзге жастарға үлгі.

Орал Жадрап еңбек ететін “Казмясопродукт” ЖШС-і туралы материалды газетіміздің 2-бетінен оқи аласыздар.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp