«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРАЙЫН ТАПҚАН ОЛҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық кеңесінде департамент пен облыстық кәсіпкерлер палатасының арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын көздейді. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина айтқандай, ішкі істер департаментімен өзара іс-қимыл өңірімізде кәсіпкерліктің дамуын тұсайтын әкімшілдік кедергілерді азайту бойынша жүргізіліп отырған жұмысқа жаңа серпін береді. Айтпақшы, Н. Кукушкина мен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ әлеуметтік-тәрбие беру бөлімінің басшысы Эльмира Танақұлова департамент жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелігіне алынды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің басым бөлігінің қолдауымен оның басшылығына қалалық мәслихаттың депутаты Жасұлан Ахметов қайта сайланды.

Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов қоғамдық кеңестің белсенділікпен жұмыс атқарып отырғанын атап айтты. Өткен жылы кеңес өзінің бес отырысын өткізіп, оның шешімдері шұғыл іс-әрекет қызметінің сапасына оң әсер еткені айтылды.

Департамент штабының бастығы Сәуле Андағұлова, құқықтық статистика және арнайы есептер комитеті облыстық басқармасының бөлім бастығы Махаббат Темірбекова қоғамдық кеңес атқарған жұмыстар және алдағы жоспарларын жүзеге асыру төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp