«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРАЛДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Облыстық спортқа дарынды балалардың мамандандырылған мектеп-интернатының жаттықтырушылары Серәлі Құсайынов, Евгений Сорокин және Мейрам Хамзин өз шәкірттерін Орал қаласында осы оқу орындары арасында өткен грек-рим күресі балуандарының республикалық чемпионатына бастап барып, олжалы оралды.

Чемпионатта еліміздің он бір спорт-интернатының балуандары үш күн бойы боз кілемде күш сынасып, нәтижесінде петропавлдықтардың жұлдызы жанды: біздің жас балуандар командалық есепте бас жүлдені еншіледі.

Жекелеген салмақтарда тоғыз балуанымыз үш – алтын, үш – күміс және сонша қола алқаға қол жеткізді. Атап айтқанда, Саят Әлжанов (42 кг.), Алпамыс Дастанбек (46 кг.) және Михаил Обухов (76 кг.) алтыннан алқа тақты. Күміс алқаға ие болғандар: Ақжол Тұяқов (50 кг.), Эли Магомадов (63 кг.) және Нұрлыбек Сейітқалиев (54 кг.). Ал Дәулет Ізтілеуов (58 кг.), Станислав Рыльский (73 кг.) және Евгений Горбузняк (85 кг.) қола алқаны місе тұтты.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp