Біздің өңірдің табиғаты айдын көлдерімен ну ормандарымен ерекшеленеді. Бұл орайда өрт қаупі өршитін жаз айларында орман қорын сақтау баршаның міндеті болып саналады. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт қауіпсіздігі және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ-де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте осы мәселе әңгіме арқауына айналды.
Жиналғандарды Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бөлім бастығы, подполковник Денис Шуваев пен Апаттық-құтқару жұмыстарын және өртсөндірушілердің дайындығын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, подполковник Николай Белоусов орман өрттеріне қатысты қалыптасып отырған жағдайдан хабардар етті.
Өткен жылы облыс аумағында бірде-бір орман өрті тіркелмеген. Десек те, көктем аяқталып, жаз шыға қоймаған үстіміздегі жылдың өзінде 6 өрт оқиғасы орын алып, ол 22,2 гектар алқапты шарпыған. Материалдық шығын 121 мың теңгені құрайды.
Қошан ҚАЛИ,
“Солтүстік Қазақстан”.