Көктемнің шуағы жердің бауырын жылытып, айнала көгеріп, табиғат аясындағы қарбалас тіршілік басталды. Көктемгі егіс қамына кіріскен диқан-механизаторлар былтырдан қалған шөптің қалдықтарын жинап, өртеу жұмыстарымен айналысуда. Осы кезден бастап жекелеген адамдар мен шаруашылық басшылары өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін назарларынан шығармағандары абзал.
Нақ осы уақытта облыс аумағындағы орманды пайдаланушылар жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатып, жоспарлы жұмыс атқаруға тиіс. Өрт оқиғасы көбіне техниканың ақаулығынан немесе адами факторлардан орын алады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 2015 жылдан бастап өзгерістер енгізіліп, оның 367-бабы бойынша ормандарда өрт қауіпсіздігін және санитарлық ережелерді сақтамаған жеке және заңды тұлғаларға хаттама толтырылады. Соған орай ең аз дегенде, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Қайрат ҚАЛЫҚОВ,
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы.