«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРМАННЫҢ ЖАУЫ – ӨРТ

Облысымыздағы орман қорын сақтау – маңызды міндет. Бір өкініштісі, көктем мен жаз айларында орман алқаптарындағы өрт жиі тіркеледі де, тілсіз жау талай байлығымыздың күлін көкке ұшырады. Осы орайда ерте қамданып жатқан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы Петропавл су қоймасында дала және орман өрттерінің алдын алу мәселелеріне арналған жылжымалы баспасөз мәслихатын өткізді.

Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев жергілікті БАҚ өкілдеріне облыстағы жағдай және жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы айтып берді.
– Өрт қауіпсіздігі кезеңінде облыста 263 гектар аумақта 50 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың басым бөлігі тұрғындардың алқаптардағы ескі шөпті күйдіру кезінде өрт қауіпсізігі ережелерін сақтамаудан орын алды. Өрт ошақтары аудандық төтенше жағдай бөлімдерінің және жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің еріктілерінің бірлескен жұмыстардың арқасында ауыздықталды. Барлық фактілер бойынша кінәлілер анықталып, 10 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көктемгі егіс науқанының басталуына да аз уақыт қалды. Сондықтан агроқұрылым басшылары бұл мәселеге көңіл бөліп, желді күндері алқаптарда оттың бақылаусыз жағылуына жол бермеулері керек, – деді Нұрлан Атығаев.
Өрт қауіпсіздігі маусымында ормандарды өрттен қорғау, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру – аталмыш мекемеге жүктелетін міндет. Сондықтан департамент мамандары астық танаптары мен ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру мақсатында рейдтер жүргізуде. Құтқарушылар өз міндеттеріне сәйкес шаруашылықтар мен елді мекендерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларының орындалуын талап етуде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесулер өткізіп, жүзден астам нұсқаулық таратты. Егіс науқанына қатысатын жұмысшылардың өртті сөндіруге арналған құралдармен және сумен қамтамасыз етілуі қажеттігі ескертілді.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Сурет: http://lenta.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp