«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРНЫ ҚАЛДЫ-АУ ОЙСЫРАП…

“Бүгінде ақша билеп барады. Тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап көптеген кісілер мемлекет құдіретін күшейтудің орнына “Қолда барда қонышынан басып қал” деген жыртқыштық ұранмен қаруланды. Мұндай адамдар бір-ақ күнмен өмір сүреді. Жақында бір белгілі адам дүниеден озды. Оны мен жақсы білемін, атын атамай-ақ қояйын. Ол өмір бойы ақша жинаумен болды. Ірі пара ала жүріп, миллиондаған доллар жинады-ау деймін. Алайда, бұл өмірде бір кісіге жақсылық жасаған жоқ. Енді, міне, келмеске аттанды. Сонда ол не үшін өмір сүрді деп ойлаймын.

Сондықтан да ірі шенеуніктердің бүгінгі достары ертең қас жауына айналып жатса, оған еш таңдануға болмайды. Мұның бәрі олардың мұраттары мен құндылықтары жалған екендігіне байланысты. Ал жалғандық үстемдік құрған жерде шынайы сенім мен достыққа орын жоқ. Олардың бірін-бірі оп-оңай сатып кетіп жататыны да содан. Осы дерт қазір бүкіл қоғамға жайылып тұр. Адамдар бай мен кедейге бөлінді. Жақынға жанашырлық, мұқтажға жәрдемдесу, халыққа сүйіспеншілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар жоғалып барады”.

Бұл – Герольд Бельгер ағамыздың айтқан сөзі. Ол кісіні зиялы қауым бүгінгі қазақ ұлтының ар-намысына балағаны бекерден-бекер емес. ХІХ ғасырда ұлы Абай айтқан сөздердің ХХІ ғасырдағы жалғасын Гер-ағамыз жазып кеткен сияқты. Енді осындай сөзді кім жаза алады?!. Осыны ойласаң, Герольд Карловичтің қоғамымыздағы орны ойсырап қалғанын сезінесің.

Бақұл болыңыз, ардақты аға!

Кәрібай МҰСЫРМАН,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp