Саумалкөл ауылында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалының кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
Салтанатты жиынға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тұрар Ысқақов: “Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауында шағын және орта бизнесті экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн”, – деп атап көрсеткенін айта келіп, оған кәсіпкерлікті қолдау орталығының қосатын үлесі мол екендігін жеткізді.
Жиналған қауымды орталықтың жұмысымен Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Айыртау аудандық филиалының директоры Данияр Қалымов таныстырды.
Кәсіпкерлікпен шұғылданамын деушілерге екі кеңесші және ауданның кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, құрылыс бөлімдерінің, шағын кредиттік ұйымның, жұмыспен қамту орталығының мамандары бекітілген кестеге сәйкес кеңес береді. Сонымен қатар, орталықта арнайы кәсіпкерлік мектебі де ұйымдастырылған.
Бағлан КЕНЖЕБАЙҰЛЫ.
Айыртау ауданы.