«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орындалмаған жұмысқа қаржы бөлген

Облыс орталығында әдеп кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Күйшбаеваға және Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Сұлтановқа қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілері бойынша тәртіптік істер қаралды.

Тәртіптік істерді қарау ба­ры­сын­да белгілі болғандай ауылдық округ әкімі Торғын Күйшбаева мен жеке кәсіпкер арасында бос уақыт өткізу ор­талығының ғимаратына бейне­бақылау жүйесін орнату бойын­ша құны 1 млн. теңге болатын мемлекеттік сатып алу келісімі жасалған. Белгілі болғандай аталған жұмыстар орындал­ма­са да, жұмысты орындау акті­сіне қол қойылған.

– Ауылдық округ әкімі орын­далмаған жұмыстар туралы құ­жатқа қол қойып, төлем жасау­да олқылыққа жол берген. Сон­дық­тан Бидайық ауылдық ок­ругінің әкімі осы әрекетімен мем­лекеттік қызметтің мәрте­бе­сіне нұқсан келтірді деп са­наймын, – деді Уәлиханов ау­да­нының прокуроры Еркеш Оспанов.

Өз кезегінде Торғын Күйш­баева өз кінәсін мойындап, бүгінде аталған жұмыстардың орындалғанын жеткізді. Ай­туын­ша, ол кәсіпкердің жұмыс­ты жаңа жылға дейін аяқтау ту­ралы сөзіне сеніп қалған. Кейін ауа райы бұзылып, ауылға жол­дың болмауынан бейнеба­қылау жүйесі тек қаңтардың ортасын­да орнатылыпты.

Ал Тимирязев ауданы әкім­ді­гінің сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шы­лығы, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жол­дары бө­лімінің басшысы Аза­мат Сұл­тановқа қатысты мә­селені қа­рау барысында Мичу­рино ауы­лында тарату желі­лерін жөн­деу үшін жобалық-сметалық құ­жаттар жасаудағы жөнсіздік­тер мәлім болды. Бө­лім басшысы серіктестік жұ­мыстарды аяқ­тамаса да актіге қол қойған. Ке­лісілген 6,7 млн. теңге серіктес­тіктің шотына тү­сіп қойған. Жыл басталғалы екі айға жуық уақыт өткеніне қа­рамастан серік­тестік мойнына алған міндетін әлі орындама­ған.

– Мұндай жағдай орын ал­ғаны рас. Өзім жіберген олқы­лықты мойындаймын. Бюджет қаржысын игеріп, жобаны тез ара­да аяқтап, жыл басында жаң­­ғырту жұмыстарына қаржы қа­растыру үшін кепілдеме хат не­гі­зінде осындай шешім шы­ғар­дым, – дейді Азамат Сұл­танов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүше­лері Торғын Күйшбаеваға қыз­метіне толық емес сәйкестік ту­ралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды, Азамат Сұл­та­новқа жұмыстан босату тү­рінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp