«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРЫНДЫ ӘРІ АЙҚЫН

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Осынау тілдің аясын кеңейтіп, оны баянды ету мақсатында Президенттің қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлығы дер кезінде қолға алынған іс деп ойлаймын. Бұған дейін латын графикасы көпшіліктің талқысына түсіп, біраз сын-пікірлер айтылған болатын. Қазақстандықтардың өтініш-тілегі ескеріліп, болашақ ұрпағымыз үшін Елбасымыз нақты шешім қабылдады. Бекітілген латын графикасында барлығы 32 қаріп, оның алты дәйекше арқылы жазылады. Жаңа әліпбиді үйрену қиындық келтірмейді деп ойлаймын. Жастарымыз латыншаны тез меңгеріп алатынына ешқандай күмән жоқ. Өйткені, бүгінгі күннің адамы зерек, білімді, алғыр.

Ал 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиі латын графикасына кезең-кезеңмен көшірілмекші. Бұл бастама – қазақ тілін дамытып, оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығарудың бірден-бір жолы. Осындай бастамалар арқылы тіл саясаты табысты жүргізілсе, болашақта қазақ тілінің қолдану аясы кеңейетініне зор сенім артуға болады. Тіл маманы ретінде жаңадан қабылданған әліпбиге көңілім толатынын айтқым келеді. Барлығы орынды әрі айқын. Ендігі біздің мақсат – халықтың латыншаны тез меңгеріп кетуіне жағдай жасау.

Несібелі МЫЛТЫҚБАЕВА,

аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp