«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРЫНДЫ ӨТІНІШ ЕСКЕРІЛЕДІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов қоғамдық қабылдау өткізіп, бірқатар азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады.

Жер сұрай келген Мамлют ауданының тұрғыны Есләм Омаров 2009 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады екен. Бүгінгі таңда оның фермерлік шаруашылығында 68 бас қара мал, 100 шақты қой бар. Иелігіндегі түліктің басын жыл сайын көбейтетін Есләм Омаров мал азығы дақылдарын өсіру үшін 200 гектар жер қажет екендігін айтты. Мал азығы дақылдарын өсіретін егістік алқабының жоқтығынан мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алмай отыр. Осы орайда Ерік Сұлтанов шаруашылығын кеңейтіп, ет және сүт өнімдерін өндіретін цех ашуды жоспарлап отырған фермерге көтерген мәселесінің заңдық тұрғыда қарастырылатынын айтып, тиісті басшыларға тапсырма берді. Сондай-ақ, өңіріміздің бірқатар өнертапқыштары мүгедектер қоларбасы мен велосипедтерге қажет бөлшектерді және жетілдірілген қар, мақта жинайтын техниканы жергілікті зауыттарда шығаруды сұрады.  

Қоғамдық қабылдауға келген зейнеткер Анатолий Подкорытов саяжайдың жөнделген жолдарын қабылдайтын комиссияның құрамына кооперативтердің төрағаларын кіргізу қажет деген ұсынысын айтты. Бұл ұсыныс назарға алынды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp