… Лимонов – творчестволық тұлға, сонымен бірге жауапсыз адам. Сөзінің салмағы жоқ. Өз басым оның пікірі мен Кремльдің арасында қандай да бір байланыс бар деп ойламаймын. Бұл – мүлдем қисынсыз уәж. Ал Жириновскийдің жайы бөлек. Қанша дегенмен, ол – саяси тұлға. Оның саяси аренада жүргеніне – 25 жыл. Орыстар оны өз арасында “алжыған шал” дейді.
Иә, оның Қазақстан туралы айтпағаны жоқ. Естіп, біліп отырмыз. “Мұндай мемлекет жоқ” деп айтқан кезі де болды. Бұл біздегі сөз бостандығының, демократияның көрінісі деп айтар едім… Әрине, белгілі бір шекара болуы керек. “Орыс әлемі” күшті, мықты. Кіші халықтар түгелдей соған бағынуы керек”, – деген пікірді ұстанатындар бар. Бұл қауіпті естілуі мүмкін. Алайда, іс жүзінде Жириновский сияқтылардың сөзі ешқашан әрекетке ұласпайды. Оның сөзін жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Сіздерге де бұл тарапта үрейден арылған артық етпес еді.
Федор ЛУКЬЯНОВ,
“Россия в глобальной политике” журналының бас редакторы, Ресейдің “Совет по внешней и оборонной политике” үкіметтік емес ұйымы
төралқасының төрағасы.
“Alashainasy.kz”.