«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДАСЫМЫЗДЫҢ ЖОЛЫ БОЛҒАЙ!

Ертең таңғы сағат 7-ден бастап барша қазақстандық жанкүйерлер көгілдір экранға көз салады деп ойлаймыз. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласынан әлемге тарайтын кәсіпқой бокс жекпе-жегін “Қазақстан” ұлттық арнасы көрсетеді.

Бұл жекпе-жекте отандасымыз, әлемнің кәсіпқой боксында тауы шағылмай келе жатқан Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд шаршы алаңда жұдырық түйістіреді.

Кәсіпқой боксқа ауысқанына биыл 10 жыл болатын отандасымыз 8 сәуірде 34 жасқа толды.

2006 жылдан бастап кәсіпқой рингте жұдырықтасып келе жатқан Г. Головкин бүгінде орта салмақта әлемнің бүкіл санаттарында үш мықты боксшының бірі болып табылады. Кәсіпқой бокста 34 мәрте шаршы алаңға шығып, солардың үшеуінде қарсыластарын ұпай санымен ұтса, қалғандарында уақытынан бұрын, яғни нокаутпен жеңіске жетті.

Оның ертеңгі қарсыласы Доминик Уэйдті бокс мамандары өзге боксшылардан мықты емес, сондықтан Головкинге қарсылық көрсете алар ма екен деп болжам жасауда. Дегенмен де, отандасымыздың мерейінің үстем болуы үшін сақтана жүріп, өзінің мықтылығын дәлелдеуін тілейік. Қарсыластың осалы болмас.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp