«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ АРТАДЫ

Қазақстан саяхат үшін тартымды 50 елдің қатарына кіретін болады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Отырыста Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын таныстырған министрдің айтуынша, құжат 10 стратегиялық шараны қамтып, шетелдік туристердің саны 5 млн, ал ішкі туристердің саны 10 миллионды құрайды. Жоспарланған 2 трлн теңгенің 70 пайызын жеке инвестициялар салады. Елдің  ЖІӨ құрылымындағы туризмнің үлесі  16 млрд АҚШ долларына дейін өседі.

«Мемлекеттік бағдарлама  бизнес пен инвесторлардың белсенді қатысуы есебінен саланы өзін-өзі ақтайтын рельстерге шығарады. Нәтижесінде Қазақстан саяхат үшін тартымды 50 елдің қатарына кіреді», – деді министр.

 https://www.inform.kz/kz/kazakstan-turistik-derzhavalardyn-kataryna-kiruge-umtylmak_a3506278

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp