
Күзгі әскерге шақыру науқанында 36 солтүстікқазақстандық бозбаланы әскерге шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.
Жан-жақты тексеруден өткен болашақ сарбаздар легі Отан алдындағы қасиетті борышын Нұр-Сұлтан қаласындағы №5573 әскери бөлімінде өтейтін болады. Оларды шығарып салуға келген туған-туыстары міндеттерін мүлтіксіз орындауды тапсырды. Ал әскерге аттанғалы отырған бозбалалардың атынан Ақжар ауданындағы Ленинград ауылының тумасы 19 жастағы Диас Ескендір жолдастарына сәттілік тіледі.

Күзгі науқанда республика бойынша 30 мың, ал облыстан 500-ден астам бозбаланы әскерге аттанаттандыру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда қасиетті борышын өтеуге ниет білдіргендердің 220-сы Қарулы күштердің, 50-і Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және үш сарбаз Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына қабылданып, 121 сарбаз Ұлттық ұлан сапына іріктелді. Күзгі әскерге шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады.