Үндістанның Бангалор қаласында жасөспірімдер арасында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық ватерполшылар турнирдің күміс және қола жүлдегерлері атанды.
Ерлер командасы финалда Жапония құрамасына қарсы ойнап, жеңіліс тапты. Үздік үштікке Иран командасы енді. Ал қыздар командасы біріншіліктің қола жүлдесіне қол жеткізді. Алтынды Жапония, күмісті Өзбекстан құрамалары иеленді. Қазақстандық қыздар жанкүйерлердің есінде алған жүлделерімен емес, Әнұран айтуымен қалды.
Жарыс басталарда техникалық ақаулар орын алды. Бірақ қыздар сасқан жоқ, Гимнді бәрі бірдей бір адамдай айтып шықты.