«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНҒА ТАҒЗЫМ — ЖАСТАР ЖҮРЕГІНДЕ

Облыстық жастар бастамалары орталығының белсенділері рәміздерге құрметті арттыра отырып, ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында шара өткізді.

Петропавлдағы №6637 әскери бөлімшесінде осыған арналып өткізілген “Не?”, “Қайда?”, “Қашан?” байқау ойынына қатысқан сегіз топ үш кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқысында ұлттық нышандар жайында қойылған жалпылама сұрақтарға шапшаң ойлап, дұрыс жауап берген сайысшылар бір ұпайдан еншіледі. Екінші кезеңде топ мүшелері сонау сақ, ғұн тайпаларының өмірінен бастап, бүгінге дейін қалпы өзгерсе де, маңызы жойылмай жеткен Елтаңбаның тарихынан сыр шертті. Ақтық кезең еліміздің Көк туын шетелде желбіретіп, Гимнін мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттерде ойнатқан үздіктерімізге арналды. Соңғы бөлімде сегіз топтың мүшелері ой ұшқырлығымен көзге түсті.  

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp