Ленин ауданының Сталин атындағы колхозының кәрі-жас колхозшыларының бәрі еңбек майданына белсене қатысуда. Өткен жиналыста екінші бригаданың 87 жастағы бригадирі Филлип Гестиков сөз сөйлеп:
– Қазір фашистерді құртқанға дейін жұмысты соғыс мүддесі үшін істейтін уақыт. Жасым асқандықтан, колхоз маған тынығу құқығын берді. Бірақ Отаныма фашистер төнген уақытта менің тынығып, қол қусырып, бос жүруімнің жөні жоқ. Бір айға жақын уақыт өтті. Мен барлық күшімді жұмсап, колхоздың еңбегіне араласамын, астық жинауда да аянбаймын. Шабылған астықты жақсы маялаймын. Қасық қаным қалғанша Отанымда еңбек етуімді тоқтатпаймын, – деді.
Фисюков, Камсанинов, Кваса, Астафенко және Пивоваров сияқты шөп шабушыларға жұмыс нормасын асырып орындау міндеті жүктелді.
Егін даласындағы жұмыстарға оқытушылар да белсене қатысуда. Олар күнде колхозшыларға жаңа газет, журнал оқиды. Бригаданың редакция алқасына газет, парақшалар шығаруға көмектеседі.
Отанымызға тап берген неміс фашистерін талқандау үшін Қызыл Армияға қолдан келген көмекті аямау – бұл колхозшылардың ең бірінші кезектегі мақсаты.
В. КАРАЕВ.
“Ленин туы” газеті,
21 тамыз, 1941 жыл.