Петропавлда “Әкем, анам және мен” атты облыстық отбасылар сайысы өтті. Жарысқа өңіріміздің Есіл, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарынан келген отбасылар мен облыс орталығының атынан шыққан екі отбасы қатысты.
Сайыс жеңімпазы атағы Есіл ауданының Позолотиндер отбасына бұйырды. Жүлделі 2-орынды жергілікті балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті петропавлдық Қабдулиндер отбасысы тұйықтады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.