«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТБАСЫНЫҢ КИЕСІ

“Әлемдегі әсемдік пен сұлу­лық әйел көркі мен ана мейі­рі­мінен нәр алады” деген нақыл сөз бар. Расын­да да, адамзат өмі­рінің ір­гетасы әйелдің қолы­мен қаланады. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана хал­қы­мыз нәзік жанды ша­ңы­рақтың киесіне балаған.

Тағылымды та­рихымызда қай­раткерлік қасиет қонған ана­ларымыздың да өмір сүргені мәлім. Ұлан-ғайыр да­ла­­да ұр­пақ мақтанышына ай­нал­ған аяулы жандардың өш­пес өне­гесі мен дәстүрі бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Әйел­дер қауымы қоғам жүгін қа­йыспай көтеріп, қатардағы қызметкер де, білікті басшы да бола білді. Сондықтан сіздер­дің от­басы берекесімен бірге Тәуел­сіздігімізді нығайту ісін­дегі ерен еңбектеріңізді айту – біз үшін зор мақтаныш.
Әйел қуанышы – әр отбасының, Отанның мерейі. Құрметті арулар, аналар! Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, игілік тілеймін!

Спартак РАМАЗАНОВ,
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp