«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТШАШУ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

Алда мереке күндері. Әсіресе, Жаңа жылда тұрғындар пиротехникалық бұйымдарды қолданып жатады. Алайда, қауіпсіздік ережелерін есте ұстай бермейді. Пиротехникалық бұйымдарға бенгал шамы, фейерверк, отшашу мен петарда жатады. Жалпы қауіпсіздік талаптары орындалмаса, отшашулар адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Пиротехникалық бұйымдардан адамды күйік шалуы ықтимал. Жыл сайын отшашу салдарынан жарақаттанып жататын адамдар саны азаймай отыр. Әсіресе, пиротехникалық өнімдерден балалар мен жасөспірімдер жиі зардап шегеді. 

Бүгінде петардалар мен отшашуларды сатып алу қиын емес. Бұл арада сертификаты бар сапалы тауарды таңдау маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пиротехникалық бұйымдарды арнайы орындар мен дүкендерден ғана алған жөн.

Пиротехника балаларға арналған ойыншық емес. Десе де, кейбір саудагерлер жарылу қаупі бар отшашуларды кез келген адамға сатады. Оны сегіз жастан асқан адамдарға ғана сатуға рұқсат етілген. Әрбір тұтынушы қаптаманың бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне, пайдалану нұсқаулығына назар аударуы керек. Ал арнайы дүкендерде сатушылар тауарды таңдауға көмектесіп, қолдану ережесін түсіндіруге тиіс.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу бойынша өнімді сертификатсыз сатқандар жауапқа тартылып, әкімшілік айыппұл арқалайтынын айтып өткен жөн.

 

Тахмина ОРАЗАЛИНА,
Техникалық реттеу және
метрология комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша департаментінің
бас маманы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp