«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚҚА — ОТЫЗ ТҮП ШЫРША

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағында арнайы аллея ашылып, ағаштар отырғызылған еді. Игі бастама биыл да ұмыт қалмай, бұл жер жаңа көшеттермен толықты.

Өңірімізде көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға серпін берген шара бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында қолға алынған. Шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов еңбек ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп, дәстүр мен ұрпақ сабақтастығын жалғау – әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының басты әрі маңызды бағыттарының бірі екенін айтып өтті. Шараның басты міндетіне тоқталып өткен Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің мүшесі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасы Қайрат Өстеміров бұл акцияның ел бойынша өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Аталған шараға қатысу арқылы өңірімізді көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға ниеттенген азаматтардың қарасы қалың болды. Осы жолы денсаулық сақтау, білім және ғылым, орман және ауыл шаруашылығы мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарына мүше азаматтар аллеяға отыз түп шырша отырғызды.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp