Мағжан Жұмабаев ауданындағы Новотроицкое ауылында қайғылы жағдай орын алды.
Өрт кезінде үйде 4 және 3 жастағы апасы мен інісі ғана болыпты: ата-анасы оларды бұл күні суық тиюіне байланысты шағын орталыққа апармаған. Әкесі – жұмыста, ал шешесі, әйелдің сөзіне қарағанда, жарты сағатқа ғана далаға шығып кеткен. Үйіне оралған кезде баспананың ішін түтін тұмшалап алған екен. Анасы бөлмелердің бірінен ес-түссіз еденде жатқан 3 жасар баласын ғана тауып алып, ағайындарына жеткізген. Көмекке келген көршісімен бірге әйел үйге кірмек болғанымен, қою түтін мүмкіндік бермеген. Жанұшырған ана терезенің әйнегін сындырып, үйге енгенімен, қыз бала табыла қоймаған.
Өртсөндірушілер келген кезде ашық жалынмен жанып жатқан үйдің төбесі құлап, газ баллоны жарылған. Сөйтіп, 4 жасар қыз бала өрттің құрбанына айналды, ал анасы құтқарып қалған оның 3 жасар інісі облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Бұл облыста бала өлімі орын алған бірінші төтенше жағдай. 2014 жылы 59 адам отта қайғылы қазаға ұшырады, олардың 6-уы – бала.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
департаменттің баспасөз хатшысы.