«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КҮЗГІ КРОСЫ

Борки кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушілерінің арасында облыстық күзгі кросс сайысы өтті. Жарысқа 120 оқушы қатысты.

Жас ерекшелігіне орай үш топқа бөлінген 2000-2001 жылы туған қыздар – 500, ұлдар – 1000 метр, 1998-1999 жылдары туғандар тиісінше 1 және 2 шақырым, ал 1997-1998 жылғылар 2 және 3 шақырым қашықтықты бағындырды.

Жарыстың нәтижесіне келсек, командалық сынақта Қазбек Байболов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері сайыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Мағжан Жұмабаев ауданының өкілдері иеленді. Ал есілдік желаяқтар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp