«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық және жеңілдетілген карантин шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова жаңа оқу жылында 71 мыңнан астам бала мектепке баратынын, 1 қыркүйектен бастап оқу үрдісі штаттық режім мен қашықтықтан ұйымдастырылатынын жеткізді.
– Жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздардың өмірі және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін онлайн оқу форматына көшуге мәжбүр болдық. Оқытудың екі ерекшелігі бар. Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқиды. Онда 20 мыңға жуық бала білім алады. Бұл оқушылардың жалпы санының 87 пайызын құрайды. Екіншіден, эпидемиологиялық жағдай қолайлы болса, шалғайдағы шағын жинақты мектептерде сабақ штаттық режимде өтеді. Өңірде мұндай 336 мектеп бар, – деді Гүлмира Кәрімова.
Кезекші сыныптарда балалар бір кабинетте оқиды. Үзіліс бір мезгілде болмайды. Білім беру ұйымдарында тазалық пен сақтық шараларына қатаң назар аударылады. Санитайзерлер орнатылып, балалар бетперде киюге міндетті. Санитарлық талаптарға сай болуы үшін барлық мектептерге жеткілікті мөлшерде санитарлық-дезинфекциялық құралдар сатып алынғанын да атап өткен жөн.  

Сурет: https://almaty.tv/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp