«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

“Мен – чемпион!” балалар спорт ойынының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Қызықты да тартысты ойында барлық қала мектептерінің құрама командалары бағын сынады.

Сынның екінші кезеңінде үш команда эстафеталық жарыстың 7 түрі бойынша бәсекелесіп, өзара мықтыларын анықтады.

Жарыстың қорытындысы бойынша, мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орынға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың құрама командасы қол жеткізсе, №9 орта мектебінің өкілдері үшінші.  

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Көктемгі демалыста өтетін үшінші кезеңде қазақ мектеп-гимназиясының құрама командасы екінші кезеңнен суырылып шыққан өзге үздік құрамалармен күш сынаспақ. Бүгінде бәсекелі жарысқа дайындық басталып кетті.

Әсет ДЕМЕСІНОВ,

қазақ мектеп- гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp