Петропавлда жақында пайдалануға берілген Оқушылар сарайы бүгін «Ашық есік» күнін өткізіп жатыр.
Мұнда келушілер үшін ІТ-технологиялар әлеміне саяхат ұйымдастырылып, би, ән, аспапта ойнау, сән әлемі, киностудия, дыбыс жазу студиясында шеберлік сыныптары өткізілуде. Жоғары технологиялы базамен қамтамасыз етіліп, «Digital URPAQ» атауын иемденген зәулім сарай жас ұрпақтың интеллектуалдық, эстетикалық даму орталығына айналмақ.