Өңірімізде жыл сайын оқушы санының аздығынан көптеген мектептер жабылуда. Ал таратылған және қайта ұйымдастырылған мектептердің балалары үздіксіз және сапалы білім алуы тиіс. Сол себепті бұл балалар жергілікті биліктің көмегімен өзге елді мекендердегі мектептерге қатынап оқуға мәжбүр.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары жоқ 380 елді мекеннен күн сайын 1190 бала көрші ауылдарға жол тартады. Ал апта сайын тасымалданатын 1412 оқушы 54 мектептің жанындағы интернаттарға орналастырылған. Осы оқушыларды тасымалдауға арналған 125 автокөліктің қырықтан астамының тозығы жеткендіктен, өткен жылы Тайынша, Айыртау, Шал ақын аудандары алты жаңа көлік сатып алды. Ал үстіміздегі жылы 33 ауыл мен облыстық бес мекеменің оқушыларын тасымалдайтын көліктер жаңартылады деп жоспарлануда.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Soltústіk Qazaqstan”.
Сурет https://pkzsk.info/ сайтынан алынды.