«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жаңа оқу жылы қарсаңында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы бірқатар білім беру ұйымында болып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Алдымен, облыс әкімі «Жас Өркен» шағын ауданында жаңадан салынған Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепке барды. Жаңа оқу жылына 960 бала қабылданған үш қабатты жаңа мектеп соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мектептің іші кең әрі жарық. Мұнда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде барлық жағдай жасалған. Сыныптар LED экран, интерактивті тақта сынды соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, бір мезетте жүздеген бала тамақтанатын асхана мен мәжіліс, спорт залдары бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp