«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚЫРМАНДАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Қызылжар ауданындағы Пресновка ауылдық кітапханасында бірқатар мәдени іс-шара өтті.

Жақында оқырмандармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Ауыл тұрғыны, тұрақты оқырман Бейсенбек Төрегелдин Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертіп, «Қара сөздерінің» дүниетанымдық ерекшелігіне тоқталды. Қазыналы қарт кемеңгер тұлғаның даналығын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, ақыл, ой, білім, ізгілік пен адамгершілік жайлы айтқан оның көрікті ойларын ортаға салды. Ақынның өміршең өлеңдері де назардан тыс қалған жоқ. Абайдың рухани әлемін таптырмайтын құндылық ретінде қарастырған оқырмандар мұндай шарадан ерекше әсер алды. Бұл орайда, ауылдық кітапханада өзге де танымдық шаралар ұйымдастырылғанын айтып өткен жөн. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp