
С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқы, рухани бай бол!» атты сайыс өтті.
Бұл сайыстың ерекшелігі – қатысушылардың жас айырмашылығына шектеу қойылған жоқ. Оқу мәдениетін дамыту, үздік көркем шығармаларды насихаттау, оқырмандар санын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға балалар мен ересектер қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында бейнетүсірілім орналастырды. Ең көп репост жинаған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алды. Кейін әдеби пікірсайыста үміткерлердің шығармашылық қабілеті сыналды.
Мұндай шаралар өңір аудандарында да ұйымдастырылып, оқырмандар белсене қатысқанын айтып өткен жөн. Әрбір кітапханада жеңімпаздар анықтады. Ал С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынға Алмагүл Тастанова ие болса, екінші және үшінші орындарды Дильназ Садықова мен Полина Казанцева тең бөлісті.