Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана жаңа әдебиеттермен толықты. Кітаптардың дені мемлекеттік тапсырыс бойынша алынса, кітапханамен тығыз байланыс орнатқан авторлар, оқырмандар мен түрлі ұйымдар сыйға тартқан әдебиеттер де баршылық.
Кітапханада өткен шолу барысында қала тұрғындары, жастар мен оқырмандардың назарына 500-ден астам жаңа әдебиет ұсынылды. Кітапхананың жалпы қоры 600 мың кітаптан асады. Жаңа кітаптардың қатарында бизнес, психология, менеджмент, экономика, өнер, әдебиет салаларындағы, сондай-ақ, қазақ және ағылшын тілдеріндегі көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттер бар.
“Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында еліміздің киелі орындары, мәдениет және өнер ескерткіштері жөнінде үш тілде жазылған еңбектер оқырманның көңілінен шығып, қызығушылығын оятты. Қазақ және орыс тілдеріндегі “Рух” көркем әдебиеті мен Астананың 20 жылдығына арналған жаңа кітаптар да жоғары сұранысқа ие оқулықтар қатарынан орын алды.
Елена СКАКУНОВА,
Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.