«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚЫТУШЫЛАРДЫ КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ҰЯЛТТЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚУ – академиялық адалдық лигасының мүшесі. Өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орнында студенттердің дәрістерді себепсіз босатпауы үшін ауқымды жұмыс жүргізілген. 

Бүгінгі таңда студенттердің 88 пайызы дәрістерге қатысып, сапалы білім алуда. Оқу ордасы ауызша емтихан алудан да бас тартқан. Бүгінгі таңда студенттер емтихандардың 90 пайызын жазбаша түрде тапсырады. Өткен жылы академиялық адалдық ережесін бұзу жағдайын қарайтын әдеп жөніндегі кеңес те құрылыпты. Оның құрамына мұғалімдер, тәжірибелі заңгерлер, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің, студенттік өзін-өзі басқарудың өкілдері енді. Осы күнге дейін комиссия студенттер тарапынан академиялық адалдық ережесін бұзудың төрт фактісін қарады. Сонымен қатар оқытушылардың плагиатпен айналысқаны және мәліметтерді бұрмалағаны анықталған. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің проректоры Ербол Исақаевтың айтуынша, ережені бұзған студенттерге жеке ісіне енгізілетін ескерту жарияланып, пәндері бойынша жинаған ұпайлары жойылды. Ал оқытушыларға ескерту жарияланып, көпшілік алдында ұялту шаралары қолданылыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp