«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЙ АҚША ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Өңірде бес ай ішінде 27 тұрғын ақша­сын «инвестицияға» салып, алаяқтарға алданды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ақшаны көбейту», «инвестиция» және тез табыс табуды уәде ететін өзге де ин­тернет-алаяқтық схемалар соңғы кезде белең алған.

– Әлеуметтік желілерде жеңіл жолмен табыс табу туралы жарнамалар жиі кезде­седі. Жарнамадағы сілтемеге өткен соң, алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін инвестициялық немесе кеңес беру компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырады, «болашағы зор биржалық мәмілелерге» ақша салуды ұсынады.

Жәбірленуші арнайы интернет-ре­сурста тіркеліп, «жеке кабинеті» арқылы табысының өскенін көреді. Шын мәнінде оның ешқандай маңызы жоқ, алайда кей адамдар үлкен несие алады, таныстары­нан қарыз сұрайды, – дейді полиция қыз­меткерлері.

Мәселен, Петропавл қаласының тұр­ғыны «биржалық ойындарға» 19 млн. тең­ге аударған. Доллармен есептелген «табы­сы» үнемі өсіп отырған, бірақ ол ақшасын алмақ болғанда, алаяқтар байланысқа шықпай қойған.

Полицейлер интернет пен әлеуметтік желі қолданушыларын «жеңіл табыс табу» туралы уәдеге сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp