«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЙ ОЛЖА БҰЙЫРМАДЫ

 

Уәлиханов ауданының тәртіп сақшылары жуырда жасалған ұрлықтың бетін ашты. Белгісіз қылмыскер үйдің есігіндегі құлыпты жұлып алып, шағын сейфті үптеп кеткен. Үй иесінің сақтап жүрген 2 миллион теңгеден астам қаржысы мен алтын бұйымдары қаскөйлердің оңай олжасына айналды.

Келіп түскен ақпарат пен бейнекамералардан алынған жазбаны салыстыра отырып, сондай-ақ көзге түскен барлық көлік құралдарын тексерген тәртіп сақшылары Көкшетау қаласының 1967 жылы туған тұрғынының ізіне түсті. Ол бұған дейін де осы тектес қылмыс жасағаны үшін сотталған екен. Жедел-тергеу барысында қылмыскер лақтырып жіберген сейф пен ұрланған заттардың бір бөлігі табылды. Күдікті келтірілген шығынды тергеу барысында өтеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp